
Оның айтуынша, мүгедектікті сырттай форматты белгілеуді енгізу тек цифрландыру мен рәсімдерді оңайлату мақсатында ғана емес, сонымен қатар медициналық-әлеуметтік сараптама саласында жинақталған мынадай жүйелі мәселелерді шешу үшін қолға алынып отыр:
1. Шалғай және ауылдық өңірлерде медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде кадр тапшылығы бар. Бұл көзбе-көз тексерулерді уақтылы жүргізуге кедергі келтіреді.
2. Медициналық-әлеуметтік сараптама қызметінің сарапшыларына түсетін жүктеме артып келеді. Бұл азаматтар тарапынан өтініштердің көбеюіне байланысты. Соның салдарынан шешім қабылдау мерзімдері ұзарып кетеді.
3. Мүгедектікті белгілеу кезінде бюрократиялық кедергілерді азайту және субъективті факторларды болдырмау қажеттілігі туындап отыр.
— Сырттай проактивті формат аймақтар арасындағы жүктемені қайта бөлуге мүмкіндік береді. Бұл — экстерриториялық сарапшылардың жұмысы арқылы жүзеге асады және барлық азаматқа тұрғылықты жеріне қарамастан қызметке тең әрі ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Реформа халықтың медициналық-әлеуметтік сараптама қызметіне және жалпы әлеуметтік қорғау жүйесіне деген сенімін арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, сондай-ақ мүгедектікті белгілеудің шын мәнінде клиентке бағдарланған үлгісін қалыптастыруға бағытталған, — деді Төлеген Оспанқұлов.