Оның атап өтуінше, технологиялар да біртіндеп дамиды. Мұндай біртіндеп орын алатын прогресс тиімділікті арттырып, шығындарды азайтуға көмектеседі. Бірақ күрт технологиялық серпілістер күтілмейді.
— Аталған, сонымен қатар технологиялық және саяси мәселелердегі тенденцияларды ескере отырып, бастапқы энергия тасымалдаушыларына деген бүкіл әлемдегі сұраныс күніне 308 млн баррельден 378 млн баррельге дейін, яғни 23 пайызға артады. ЭЫДҰ-ға кірмейтін елдерде бұл сұраныс ОПЕК-ке кіретін елдерге айтарлықтай тәуелді болады және олар 2050 жылы негізгі қажеттілікті айқындайды, — деді ОПЕК өкілі.
Оның мәліметінше, 2050 жылға қарай энергетика саласында мынадай жағдай қалыптасады:
— жаңартылатын энергия көздері 2050 жылға қарай 13,5 үлеске жетеді;
— ядролық энергия да саяси ықпалдың арқасында едәуір өседі;
— көмір сияқты басқа энергия көздерінің үлесі 13 пайыздық тармаққа дейін төмендейді;
— жаһандық электр энергиясына сұраныс артып, өсімді негізінен үй шаруашылықтары мен өнеркәсіп қамтамасыз етеді;
— барлық өңірде сұраныс өседі, бірақ бұл өсімнің 75 пайызы дамушы елдерге тиесілі болады;
— электр энергиясын өндіруде ең үлкен өсім жел және күн секілді жаңартылатын көздер есебінен болады;
— табиғи газ, су электр станциялары мен атом станциялары да үлес қосады;
(9:37) Көмірді біртіндеп шеттету нәтижесінде көмір генерациясы 3,2 ТВт/сағатқа дейін төмендейді;
— көмірді азайту арқылы баламалы энергия көздерінің үлесі 24 пайыздан 65,5 пайызға дейін артады.





