Бізге жазылыңыз:

Қазақстан шикі қант импортын шектеуі мүмкін

Қазақстан шикі қант импортын шектеуі мүмкін
Ауыл шаруашылығы министрлігі елде қайта өңдеуге арналған 100 мың тоннаға дейін шикі қантты импорттауға рұқсат беруді ұсынды. 

Жоба «Ашық НҚА» порталына жарияланып, 17 наурызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Жобаның мәні

Заң жобасын Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі. Жоба бойынша, елге әкелінетін шикі қант басқа мақсатқа емес, тек қайта өңдеуге ғана жұмсалатынын қалай тексеру керегін көрсетеді. Бұл тексеруді агроөнеркәсіп саласын бақылау құзыреті бар уәкілетті орган жүргізеді. 

Сондай-ақ, құжат жобасында импорт көлемінің шегі белгіленген. Ұсынылып отырған нормаларға сәйкес, Қазақстанға 100 мың тоннадан аспайтын шикі қантты әкелуге рұқсат беріледі.

Бұл шара Қазақстандағы қант өндірушілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталғаны атап көрсетілген.

Ұқсас материалдар