Бензин бағасы тағы қымбаттады
Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттап келеді.
Еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары АИ-100 маркалы бензинін өндіруі мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлім етті.
Мемлекеттік реттеуді алып тастағаннан кейін, АИ-92 бензинінің бағасы біртіндеп өсіп келеді. Бұл ретте Энергетика министрлігі бағаның күрт өсуіне жол берілмейтінін айтып отыр.
Үкіметтегі баспасөз мәслихаты барысында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресей Федерациясының Аи-92 және Аи-95 маркалы бензиннің экспортына кезекті шектеу енгізуі туралы пікір білдірді.