ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстан ТМД елдері арасында дәрілік заттарды реттеу жүйесіне қол жеткізді
Форумға дәрілік заттар, фармацевтикалық шикізат, медициналық бұйымдар, вакциналар мен биотехнологиялық өнімдер өндіретін Үндістанның 60-тан астам фармацевтикалық компаниялары қатысты. Үшінші жетілу деңгейіне қол жеткізу Қазақстанның дәрілік заттарды реттеу ұлттық жүйесінің тіркеу, сапаны бақылау, фармакологиялық қадағалау және өндірістерді инспекциялау бойынша халықаралық талаптарға сәйкес келетінін білдіреді. Бұл халықаралық ұйымдар, инвесторлар мен өндірушілер тарапынан қазақстандық фармацевтикалық жүйеге деген сенімді арттырады. Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтика саласын дамыту, инвестициялар тарту, заманауи технологияларды енгізу, дәрілік заттар айналымы процестерін цифрландыру, сондай-ақ сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.
2025 жылы әрбір пациент үшін дәрілік қамтамасыз етудің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру Денсаулық сақтау министрлігінің басты басымдығына айналды. Бүгінде 3,6 млн адам ТМККК және МӘМС шеңберінде тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етілді.
Бұл 262,9 млрд теңге сомасына 15,6 млн рецепт. Дәрілік препараттардың тізбелері жаңартылды: тиімсіз дәрілер алынып тасталып, заманауи және инновациялық препараттардың үлесі арттырылды.





