Бізге жазылыңыз:

Еуразия елдерінің орталық банктері қаржылық тұрақтылық мәселелерін талқылады

Еуразия елдерінің орталық банктері қаржылық тұрақтылық мәселелерін талқылады

Қазақстан қаржыгерлерінің XIV конгресі аясында Алматыда Орталық (ұлттық) банктердің Еуразиялық кеңесінің 55-ші отырысы өтті. Жиынға Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова төрағалық етті.

Отырысқа Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан орталық банктерінің делегациялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Кеңеске мүше елдердің төлем баланстарының жай-күйі мен халықаралық резервтерінің серпіні талқыланды. Сонымен қатар банк секторының қаржылық тұрақтылығына арналған зерттеулердің нәтижелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Еуразиялық кеңеске мүше орталық (ұлттық) банктер қызметкерлерінің 2027 жылға арналған кәсіби оқыту бағдарламасы бекітілді.

Бұдан бөлек, аудиторлық қызмет және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі консультативтік кеңестер жұмысының нәтижелері қарастырылды.

Ұқсас материалдар