Присоединяйтесь:

Ұлттық қорға түсетін түсім көлемі қысқарды

Ұлттық қорға түсетін түсім көлемі қысқарды

ҚР Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 мамырға Ұлттық қордағы қаражат көлемі 33,06 трлн теңгені құрады. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (29,1 трлн теңге) артық болғанымен, биылғы жылдың алғашқы төрт айында қорға түскен түсім айтарлықтай төмендеген.

2025 жылдың басынан бері Ұлттық қорға 843,5 млрд теңге түсті — бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге аз.

Түсімнің негізгі бөлігі — мұнай саласындағы компаниялардан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге бағытталатын төлемдерді есепке алмағанда) 621,7 млрд теңгені құрады. Былтыр бұл көрсеткіш 1,47 трлн теңге болған. Сонымен қатар осы саладағы басқа операциялардан түскен кіріс 9,39 млрд теңге болды (2024 жылы – 1,53 млрд теңге).

Ауыл шаруашылығы жерлерін сатудан түскен кіріс – 1,08 млрд теңге, республикалық меншікті жекешелендіруден – 383,4 млн теңге, банктердің несие портфелін жақсартуға маманданған ұйымдарды сатудан – 500 млн теңге түсті.

Сонымен қатар Ұлттық қордан 2,01 трлн теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Оның ішінде:

  • 1,6 трлн теңге – кепілдендірілген трансферттерге,

  • 400 млрд теңге – мақсатты трансферттерге,

  • 13,2 млрд теңге – қорды басқару және сыртқы аудит жүргізуге бағытталған.

Қазіргі жағдайда түсімдердің азаюы мен шығыстардың жоғары деңгейде сақталуы Ұлттық қордың тұрақтылығына стратегиялық тұрғыдан қайта қарауды қажет етеді.

Похожие материалы