Биыл бала туу мен оның күтіміне байланысты бюджеттен 692 млрд теңге төленді
2025 жылы бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалпы сомасы 692 млрд теңгеге 508 мың адам мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды
2025 жылы бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалпы сомасы 692 млрд теңгеге 508 мың адам мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды
Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақымен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан, баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлеммен 475,2 мың адам қамтылды.
2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 260 мыңға жуық адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.
2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен жалпы сомасы 354,5 млрд теңге мөлшерінде орта есеппен 856,2 мың отбасы қамтылған.