
- Іс-қимыл жоспарын орындау шараларын қабылдауға;
- Жылына екі рет – 5 шілдеге және 20 желтоқсанға дейін Ұлттық экономика министрлігіне іске асыру барысы туралы есеп ұсынуға.
- Ұлттық экономика министрлігі жиынтық ақпаратты Үкімет аппаратына 25 шілдеге және 5 қаңтарға дейін береді.
Сонымен қатар, іс-қимыл жоспары жаңа редакцияда ұсынылған.
2030 жылға дейінгі негізгі күтілетін нысаналы көрсеткіштер:
- 0,89 – электрондық үкіметті дамыту индексі (БҰҰ әдістемесі бойынша);
- 20 минут – ТОП-50 мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған шекті мерзім, бұл ретте адами фактор толықтай алынып тасталады;
- Мемлекеттік қызметтердің 90%-ы тек электрондық форматта көрсетілуі тиіс;
- Әлеуметтік осал топқа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 50%-ы проактивті форматта болуы қажет.