Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда халықтың нақты табысы мен жұмыспен қамтылу деңгейі артты

Қазақстанда халықтың нақты табысы мен жұмыспен қамтылу деңгейі артты

Қазақстанда халықтың нақты табысы мен жұмыспен қамтылу көрсеткіштері оң динамика көрсетуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында халықтың нақты табысы 0,1%-ға өссе, экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 9,4 млн адамға жеткен. Бұл нәтижеге, ең алдымен, маусым айында жылдық инфляцияның 10,3%-ға дейін баяулауы ықпал еткен.

Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жаңа өндірістерді іске қосу және жоғары өнімді жұмыс орындарын құруға бағытталған халық табысын арттырудың кешенді жоспары жүзеге асырылып жатыр.

«Экономикада жұмыспен қамтылу өсуді жалғастырып, 9,4 млн адамды құрады. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны – 4,5 млн адам. Жұмыспен қамтуға және жалпы экономикалық белсенділікке айтарлықтай теріс әсер байқалмайды», — деді Серік Жұманғарин.

Министрдің сөзінше, жұмыспен қамту көрсеткіштерінің тұрақты өсуі мен экономикалық белсенділіктің сақталуы еңбек нарығындағы жағдайдың тұрақты екенін және жүргізіліп жатқан экономикалық саясаттың тиімділігін көрсетеді.

Ұқсас материалдар