ЖАҢАЛЫҚТАР
Бюджет есебінен шетелдіктерді әлеуметтік қорғау тоқтатылмақ — Жаңа Конституция
— Біздің Конституцияда елімізге келген шетелдіктердің әлеуметтік және әртүрлі құқықтары біздің азаматтармен бірдей деп жазылған. Сонда шетелден келген азаматтар біздің медицинаны, біздің білім саласын, барлық әлеуметтік көмектерді алуына құқылы. Ол Конституцияда жазылған. Алдағы уақытта бұл да өзгереді, — деді М. Әбенов елордада Конституциялық сот ғимаратында.
Енді тек қана халықаралық келісім арқылы Қазақстан азаматтарының құқықтарын толыққанды қорғайтын мемлекеттің ғана азаматтарына қолдау көрсетілмек.
— Қазір көп жағдайда шетелдіктердің медицинасын, білім саласына қатысты шығындарды өз бюджетімізден төлеп жатырмыз. Жыл сайын елімізге миллиондаған адамдар келеді. Бірақ біздің бюджетіміз шексіз емес. Сол себепті бұл азаматтар талабынан туған әділ шешім деп ойлаймыз. Бұл конституциялық реттеудің мақсаты — негізгі конституциялық құндылықтардың тұрақтылығын, азаматтардың құқықтық кепілдіктерін, сондай-ақ заңнамалардың үйлесімділігі мен әділеттілігін қамтамасыз ету, — деді Мәжіліс депутаты.





