Бізге жазылыңыз:

Грузияның Lion Finance компаниясы Қазақстандағы банкті сатып алуға ниетті

Грузияның Lion Finance компаниясы Қазақстандағы банкті сатып алуға ниетті

Bank of Georgia банкінің бас компаниясы Қазақстан мен Өзбекстандағы, сондай-ақ Балтық елдері мен Балқан нарықтарындағы банктерді сатып алу арқылы бизнесін кеңейтуді қарастырып отыр.

Lion Finance Group басшысы Арчил Гачечиладзе Bloomberg агенттігіне компания негізінен нарықтағы топ-3 қатарындағы ірі банктерге қызығушылық танытатынын және шағын активтерді қарастырмайтынын айтты.

Бұл стратегия бұған дейін Арменияда қолданылған. 2024 жылы топ Ameriabank банкін сатып алды. Қазір ол Lion Finance активтерінің шамамен үштен бірін құрайды. Компания Арменияның несие нарығындағы банктің үлесін 23%-дан 30%-ға, ал депозиттер нарығындағы үлесін 20%-дан 30%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Bank of Georgia-ның өзі соңғы бес жылда капиталдандыру көлемін айтарлықтай арттырды. Lion Finance акциялары шамамен 740%-ға өсті, ал Stoxx Europe 600 Banks индексі шамамен 210%-ға көтерілді. Топтың нарықтық құны $7,9 млрд-қа жетіп, компания FTSE 100 индексінің құрамына енді.

Bank of Georgia жетістігінің негізгі факторларының бірі — цифрлық модель. Грузия халқы шамамен 4 млн адам болғанына қарамастан, оның мобильді қосымшасын күн сайын шамамен 1 млн адам пайдаланады.

JPMorgan сараптамасына сәйкес, онжылдықтың соңына қарай Lion Finance қазіргі екі банктен тұратын тобын бес банкке дейін кеңейтуі мүмкін.

Дереккөз: Bloomberg.

Ұқсас материалдар