Бізге жазылыңыз:

Атырауда қоғамдық көліктерді субсидиялауға шамамен 11 млрд теңге керек

Атырауда қоғамдық көліктерді субсидиялауға шамамен 11 млрд теңге керек
Биыл Атырау қаласындағы қоғамдық көліктерді субсидиялау үшін 11 млрд теңгеге жуық қаржы керек. Қаражаттың шектеулі болуына байланысты жергілікті қазынадан әзірге 2 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржы болжаммен 3 айға жетеді. Қалған миллиардтар алдағы уақытта кезең-кезеңімен қаралады.

Бұл туралы Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі басшысының орынбасары Алмас Сәрсенов мәлімдеді.

Мамандардың сөзінше, субсидия көлемінің артуына жанар-жағармай бағасының, автобөлектердің қымбаттауы, жолаушылар санының, жүргізушілер жалақысының артуы сынды факторлар әсер етеді.

— Қазіргі уақытта қала аумағында 38 бағыт болса, оның 36-сына субсидия беріліп отыр. Оның көлемі жолаушылардың ағынына, бағыт пен автобус саны сияқты бірнеше факторға байланысты. Арнайы бекітілген талап пен есептеу жүйесі бар, соған сәйкес қаржыландырылады, — деді Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Алмас Сәрсенов.
Сұранысқа сәйкес 2025 жылдың ортасында қала ішінде 6 жаңа бағыт ашылды. Биыл 4 жаңа бағытты іске қосу жоспарланып отыр. Шенеуніктер алдағы уақытта тасымалға күнделікті шығатын автобус санын негізсіз қысқартып, жолаушылар тасымалының сапасына кері әсер еткен жағдайда тасымалдаушы компанияларға айыппұл салмақ.

— Белгіленген кесте бойынша автобустардың толық шығарылмауы анықталған жағдайда айыппұл санкциялары қарастырылған. Қазіргі уақытта тасымалдаушы мекемелермен жасалған келісімшарттарға өзгеріс енгізілуде, — деді Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Алмас Сәрсенов.

Ұқсас материалдар